2019-2020 оқу жылында мектеп оқушыларынын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәлімет
Денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады.
/ оқушыларға кеңес беру/
Мақсаты
Оқушылардың дәрумендер түрлерімен таныстыра отырып, олардың адам ағзасына пайдасын болашақ маман ретінде білуге баулу;
Оқушыларды денсаулықты күтуге, тамақтану гигиенасын сақтауға қатысты білімдерін тереңдете түсу.
Білім алушылардың жеке тұлға ретіндегі шығармашылық қасиетерін ояту, кез-келген жағдайда дұрыс шешім қабылдауға үйрету, ойлау қабілеттерін дамыту.
Әлеуметтік педагог
«Ас – адамның арқауы» дейді халқымыз. Сол айтқандай-ақ, денсаулықты сақтау дұрыс тамақтанудан басталады. Тамақтағы қоректік заттар сапасы жағынан адам организмінің мұқтажын өтеуі қажет. әсіресе тамақ нормасын әркім өз ақылымен мөлшерлеуі тиіс. Әрине, дастарқандағының бәрін тауыса ішіп-жеу мақсат емес. Мешкейлікті ата-бабамыз о бастан-ақ жек көріп, ең жағымсыз қылықтардың біріне санағаны бәрімізге белгілі. Сол себепті, тамақты бойға мөлшерлеп ішіп-жеген дұрыс. «Ас десе, асты-үстіне түсіп, құлқыны құру – хайуандық болса, керісінше, кекірейіп тамақ татпау – ноқайлық, тым құнықпа және ас ішуді де ұмытпа», дейді белгілі академик, физиолог И.П.Павлов).
Жасыратын несі бар, қазір елдегі ересек адамдардың арасында екінің бірінің асқазаны ауырады және колитке (тоқ ішектің қабынуына) шалдыққан. Мұның сыры неде? Осы ауруларға әкеліп соқтыратын экономикалық-әлеуметік факторлар көп, әрине. Бірақ соның бәрін емес, өзімді қынжылтатын бір жайды ғана айтайын. Демалысқа шығып, ел аралағанда көзіміз жетіп жүр – кейбір үйлерде жеңіл машинасы болғанмен, отбасына күнделікті ең қажет тоңазытқыштары жоқ. Сондықтан асқазандары ауырып жүрсе де, ұнның ішінде сақталып, кептірілген немесе сүрленген еттермен тамақтанып отыр. Әсіресе оңтүстікте, жаздың аптап ыстығында ет сияқты асқа қажет тағамдарды тоңазытқышсыз бүлдірмей сақтау өте қиын. Тоңазытқыштың жоқтығынан тамақ бүлініп, улануға де әкеліп соқтыратынын естен шығармаған жөн.
Қарынды кере тамақ ішіп, орындарынан зорға көтерілетіндер де аз емес. Ол, әрине, өте қиын. Мөлшерден артық ішіп-жегендер түнді ұйқысыз өткізеді, мазасы қашады. Соның салдарынан кейде ауырып, хирург пышағына да ілініп жүргендері аз емес. Диетологтардың айтуынша: «Кез-келген ауру-сырқаттың әкесі белгісіз болғанымен, шешесі белгілі: ол – орынсыз, артық ішкен ас!». Сондықтан қанағат – табиғаттың одақтасы және денсаулықтың сақшысы. «Батпайтын ас – жеген адамның өзін жейді. Сол себепті, жегенің бойға сіңсін десең, шамадан аспа», деп жазды Абдуль Фарадж.
Қорытынды Тамақтану - адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілігі. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш – қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Өткен кезеңнің данышпан адамдары: « Біз тамақ ішу үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз » деген екен. Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз – аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үнемі жұмыс атқарады, сондықтан уақтылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады. Осы қуаттың арқасында адам жұмыс істейді, қозғалады, спортпен айналысады. Ретсіз тамақтану ( кейде ерте, кейде кеш ) көбінесе асқазан ауруына шалдықтырады. Белгіленген уақытқа сәйкес тамақ ішіп үйренсе, сол уақытқа сәйкес ас қорыту сөлдерінің бөлінуі қалыптасады. Бұл ағзаның
жұмысын жеңілдетіп, астың жақсы қорытылуына жағдай туғызады. Тамақты ұйқыға дейін екі сағат бұрын ішу керек.