2019-2020 оқу жылында мектеп оқушыларынын бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 31 қазандағы №598 қаулысының 6-шы тармақшасында «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік стандарты туралы берілген.
Осыған байланысты мектебіміздің асханасы 9. 00- 18 00-ге дейін жұмыс жасайды. Асхана 50 орындық.
Стандарт бойынша мектептегі әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған отбасынан шыққан 70 оқушының тізімі жасалынып, мектепшілік №84 бұйрығына сәйкес бекітілген .
Бастауыш сыныптарды-44 оқушы
5-9 сыныптарда -26 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылды.
Мектеп бойынша І- ІІ ауысым – 572 оқушы (12 % )
Тамақтану кестесі: 1 ауысым 10-10- 10-25; 2 ауысым 15-35 15-45
Төрт апталық ас мәсірін Жуалы аудандық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы М. Исаков пен білім бөлімінің басшысы М. Айжанов алдын ала бекітеді. Мектептің асханасын азық-түлікпен тұрақты қамтып отырған кәсіпкер-Туякбаева Жарқынкул Шайжановна .Күнделікті тамақтың сапасы мен берілу мөлшерін тексеру мектеп медбикесіне жүктелген. Ал мектепшілік комиссия құрамы бекітілген.
1.М.Бейшенов –мектеп директоры
2.М.Койбакова-әлеуметтік педагог
3.С.Жанысбаева-қамқоршылық кеңесінің төрайымы
4.Г.Пулатова-мектеп медбикесі
5. Л.Джакыпбекова-ата-аналар комитетінің төрайымы
Айына екі рет асхана тамағының сапасын және тазалығын тексереді, тексеру нәтижесі хаттамаланады.
Аз қамтамасыз етілген 1 оқушыға ыстық тамақтың бағасы 450 теңгені құрайды.
І- ІІ ауысым бойынша мектебіміздің асханасына тұрақты кезекші мұғалімдер бекітілген.
Қорыта келгенде мектеп асхана жайы қанағаттанарлық деңгейде жұмыс атқарып келеді.