Қамқоршылық қашықтықтан өткізілген отырысы
Күн тәртібі:
- 2019-2020 оқу жылындағы Попечительский советі алдында мектеп директорының есебі: Бейшенов Мухамеджан Пернекулович
- Мектеп оқушыларын қашықтықтан оқыту және ЕНТ-ға дайындық Бейшенов Мухамеджан Пернекулович
3. Сөйлеушілер:
Қамқоршы кеңесінің төрайымы – С. Жанысбаева
Ата-аналар комитетінің төрайымы - Джақыпбекова Ләззат
Қамқоршы кеңесінің мүшесі- Есбосынов Бекберген Досынбек
- Әр түрлі мәселелер
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңестің төрайымы мен мүшелері :
Күн тәртібінде: 1.№29 орта мектебінің директоры М. Бейшеновтің
Қамқоршылық кеңесінің алдында беретін есебі.
2. Мектеп оқушыларының қашықтықтан сабақ оқуы және
ЕНТ-ға дайындық
3. Әр түрлі мәселелер
Тыңдалды: 1. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша мектеп директоры М.Бейшенов «Қамқоршылық» кеңесінің атқарған жұмыстары туралы жан жақты талдап, есеп берді.
Мектебімізде індетке байланысты карантин кезінде «Біз бәріміз біргеміз» акциясының аясында ұстаздармен бірге мөлтек ауданы бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін 16 отбасына азық- түлік, тұрмысқа қажетті заттар жеткізіліп, берілді. Сонымен қатар көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасы үйлерін аралап, профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ата-аналарға үйді залалсыздандыру /дезинфекция/ заттары таратылды. Қашықтықтан оқытуға байланысты қажет еткен 10 отбасына мектептен 10 компьютер жеткізіліп берілді.
Мектебіміздің ұдайы демеушісі 1988 жылдың түлегі Турумбаев Талғат Ералыұлы аз қамтылған 26 отбасының әр қайсысына 50 000 (елу мың) теңгеден таратып шықты /1 миллион 300 мың теңге/ Төтенже жағдай кезінде берліген көммекке мұқтаж болып отырған ата-аналардың қуанышын сөзбен жеткізу мүмкін емес екендігінде айтты.
Оқушылардың тәрбие және білім алу сапасын арттыру мақсатында оқу тәрбие үрдісін қашықтықтан өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар, сынып сағаттары бойынша барлық ұстаздардың өз пәніне үлкен жауапкершілікпен қарап, күнделікті сабақ кестесіне сай өткізгендігі туралы айтып және мектеп ұстаздары мен оқушылары қашықтықтан өткізілген пәндер бойынша байқауларға қатыстып, жүлделі дипломдармен марапатталғанын айтып өтті. Әрине карантинге байланысты қашықтықтан оқу барысында ата-аналардың да үлесі өте жоғары болды.
ЕНТ-ға дайындық барысы жақсы мектеп бітіруші түлектер үлкен жауапкершілікпен қашықтықтан қосымша сабақтарға қатысып, білімдерін жандандыруда. Барлығы 37 оқушы 11 сыныпты бітіргелі отыр. Маусым айының 20-нан кейін ЕНТ тест болатыны ата-аналарға ескертілді.
Сөйлеушілер:
- С.Жанысбаева- Попечительский советі төрайымы. Елімізде болып жатқан төтенше карантинге байланысты мектеп директорының қашықтықтан айтылған есебінде біршама жұмыстар атқарылғаны көрініп тұр. Попечительский советі төрайымы ретінде мектеп директоры мен ұстаздарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Атқарылған жұмыстар туралы берген есебі қанағаттанарлық деп айта аламын.
- Л.Джақыпбекова-ата-аналар комитетінің төрайымы. Мектеп ұдайы
«Біз бәріміз біргеміз!» аясында қашықтықтан іс-шаралар жүргізіп отырғандығын және мектептегі қамқорлық акциясында ата-аналармен ұстаз тарапынан қолдау, көмек көрсетіліп жатқандығын айтып, мектеп әкімшілігі мен ұстаздар тығыз байланыста жұмыс жасағаны ата-аналарды қанағаттандырды.
- А.Сарымбетова- кеңесі мүшесі. Биылғы оқу жылында 11 сынып оқушыларының ЕНТ-ға дайындықтары жоғарғы деңгейде екендігін айтып, ұзтаздар мен ата-аналар өте тығыз байланыста жұмысты қашықтықтан жүргізіп жатқандығы қуанарлық жағдай. Бүгінгі мектеп директорының және мектеп полиция инспекторы есебін тыңдап, мөлтек ауданы бойынша аз қамтылған отбасы балалары қадағалауда болып,қолдан келген көмектерін көрсететіндерін айтып өтті.
Күн тәртібіндегі мәселе мен сөйлеушілер сөзін ескере келіп шешім қабылданды.
Шешім:
- Мектеп директоры М.Бейшеновтың «Қамқоршылық» кеңесінің атқарылған жұмыстары туралы есебі қанағаттанарлық деп есептілсін.
2.Попечительский совет жұмысын ұдайы жандандыру «Қамқоршылық» кеңес мүшелеріне жүктелсін.