«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ » Средняя школа №29. Жуалы ауданы. Жуалынский район
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
"№29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726)35 2-14-41
Есепші бөлімі:
+7(726)35 2-14-41
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
10
September
2025

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ

«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ  ӘКІМДІГІНІҢ  БІЛІМ  БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ  №29  ОРТА  МЕКТЕБІ»  КММ
БОС  ОРЫНДАРҒА  КОНКУРС   ЖАРИЯЛАЙДЫ.
1. Мекеменің мекен – жайы: Жуалы  ауданы, Б.Момышұлы  ауылы Ш.Уалиханов  көшесі  №41 үй 
Анықтама,   байланыс номері: 8(72635) – 2-14-41 
Электрондық   пошта: Juali-29-om@yandex.kz, 080300
2. Қосымша білім беру педагогы 2 (екі) бірлік жүктеме (тұрақты бос орын) 
Конкурс  өткізілетін   орын: «Жамбыл  облысы   әкімдігінің  білім  басқармасы Жуалы ауданының  білім  бөлімінің  Мағжан   Жұмабаев  атындағы  №29  орта мектебі» КММ
3. Кандидатқа қойылатын біліктілік талаптар:
Лауазымдық міндеттері:
ғылыми-педагогикалық эксперимент алаңындағы білім алушылардың әр түрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың, тәрбиеленушілердің құрамын жинақтайды, оларды оқу мерзімі ішінде сақтау жөнінде шаралар қабылдайды;
қосымша білім берудің білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын жасайды, олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
психофизиологиялық мақсатқа негізделген жұмыс формаларын, құралдары мен әдістерін педагогикалық негізделген таңдауды қамтамасыз етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің шығармашылық қабілеттерін анықтайды, жеке тұлғаның дамуына, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің дербес қызметін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды қосады, оқытудың практикамен байланысын жүзеге асырады;
білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жетістіктерін қамтамасыз етеді және талдайды;
білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижесін бағалайды;
дарынды және талантты білім алушыларды, тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды қолдайды;
әр түрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға балалардың қатысуын ұйымдастырады;
         білім алушылардың, тәрбиеленушілердің каникулдық демалысын ұйымдастыруға қатысады;
     сабақтар өткізу кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалардың сақталуын қамтамасыз етеді, балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға жауапты болады;
          ата-аналарға және оларды ауыстыратын тұлғаларға, сондай-ақ педагогтерге консультациялық көмек көрсетеді;
          әдістемелік кеңестердің, бірлестіктердің қызметіне, педагогикалық шеберлікті арттыруға бағытталған іс-шараларға қатысады;
          жүйелі түрде кәсіби біліктілігін арттырады.
4. Білуге міндетті:
   Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдары және білім беру қызметін, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың басым бағыттарын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілер;
      педагогика және психология негіздерін, еңбек заңнамасы;
      педагогикалық этиканың нормалары;
      тәрбие жұмысының әдістемесін, өнімді, сараланған, дамытушылық оқытудың заманауи педагогикалық технологиялары, құзыреттілік тәсілді іске асыру;
      білім алушылармен, әртүрлі жастағы тәрбиеленушілермен, олардың ата-аналарымен (оларды алмастыратын адамдармен), педагогтармен байланыс орнату, жанжалды жағдайлардың себептерін диагностикалау, олардың алдын алу және шешу әдістері;
      білім беру ұйымдарының ішкі еңбек тәртібінің қағидалары, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі қағидалары. 
5. Біліктілікке қойылатын талаптар:
тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе өзге де кәсіптік білім немесе тиісті бейін бойынша немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім немесе жұмыс стажына талаптар қойылмай, педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат;
6. Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2025 жылдың  11.09. – 19.09 аралығы
Конкурстық Комиссияның құжаттарды қарау уақыты: 22.09 – 26.09. 2025 жыл
Конкурсқа қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініші;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген-бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы №ҚР ДСМ – 175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу (тізілімінде №21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
8) наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы  туралы анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) осы Қағидаларға 12,13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
11. жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсынады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* reload, if the code cannot be seen