Конкурс өткізу туралы хабарландыру
«ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖУАЛЫ АУДАНЫНЫҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ №29 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
УАҚЫТША БОС ОРЫНДАРҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.
1. Конкурс Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы 22 желтоқсан 2022 жылғы №513 бұйрығының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Бос жұмыс орындары туралы хабарландырулар мектептің ресми сайты мен «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желі парақшаларына жарияланады.
Конкурс төмендегідей негізгі бос орындарға жүргізіледі:
Қазақ тілі мен әдебиет пәні – 1 (бір) бірлік жүктеме (уақытша бала босану жөніндегі демалыстағы мұғалімнің бос орны) 2023 жылғы 01 желтоқсаннан бастап 2024 жылғы 04 сәуір аралығы
Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің Мағжан Жұмабаев атындағы №29 орта мектебі» КММ
Мекеменің мекен – жайы: Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы Ш.Уалиханов көшесі №2 үй
Анықтама, байланыс номері: 8(72635) – 2-14-41
Электрондық пошта: Juali-29-om@yandex.kz
2. Негізгі функционалдық міндеттері:
Білуге міндетті:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын басқа да нормативтік құқықтық актілерді, педагогика мен психология негіздерін, мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, үлгілік оқу бағдарламаларын, үлгілік оқу жоспарларын, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау, қауіпсіздік техникасы мен өртке қарсы қорғау ережелері мен нормаларды.
Лауазымдық міндеттері:
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартарына сәйкес оқытатын пән ерекшелігін ескере отырып оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады. Білім алушылардың жеке қабілеттерін ашуға және дамытуға, тұлғаның әлеуметтенуі мен жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Оқытудың әр түрлі нысандарын, әдіс – тәсілдерін қолданады. Пәннің күнделікті қысқа мерзімді жоспарларын құрады.