«Рухани жаңғыру»
Анықтама
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында № 29 орта мектеп кітапханасы оқырман назарына «Кітапхана рухани тәрбие көзі» атты көрме-презентациясын ұйымдастырып, насихаттады.
Мақсаты:Рухани-адамгершілік құндылықтар мен білім жүйесін дамытып, қалыптастыру; оқушыларды кәсіптік және адамгершілік әдептерге байланысты білімдерді оқуға, оларды өндірістік және қоғамдық іс әрекеттерді іске асыруға тәрбиелеу. Өзіндік ой-санасын дамытуға жағдай жасау. Кітап-адамзат ақыл-ойының інжу-маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізеді, дәл бір темір мен тастан қашалып жасалған ескерткіштердей, ғасырлар бойына сақталады. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп ойшыл Абай Құнанбаев айтып кеткендей, түйсігі бар әрбір адамдар үшін ғылым мен білімнің қайнар көзі кітапта екенін ұғамыз. «Білімнің қайнар бұлағы», «Сиқырлы ғажайып әлем», «Балаларға базарлық» атты тақырыптардан құралған көрмеге тарихи және көркем әдеби кітаптар, балалардың ой-өрісін дамытатын түрлі-түсті суреттермен безендірілген кітапшалар, балаларды адамгершілікке, Отан сүйгіштікке, еңбекқорлыққа баулитын өлең- тақпақтар, ертегілер, әңгімелер, балалардың тілін дамытатын жұмбақ, жаңылтпаштар, әртүрлі ойындар берілген кітапшалар мен танымдық әдебиеттер қойылды. Кітапхананың кітап қоры жыл сайын озық үлгідегі жастар әдебиеті, осы заманғы Отандық көркем әдебиет, салалық әдебиеттермен толықтырылып тұрады. Кітап жастардың ой-санасы мен талғам таразысын жан-жақты дамытуға әсер етеді, дүние жүзінде болып жатқан жаңалықтардан үнемі хабардар етеді. Кітапханашылар: А.Байсбаева мен Ә.Ақылбек жаңа келіп түскен кітаптармен таныстырып, шолу жасады. Шараға мектеп оқушылары 1 – 4 сыныптар қатысты және онлайн форматта фейсбукпен жоғары сынып оқушыларына жіберілді.